2025 жылғы 12 қазанда Астанадағы «Астана Арена» стадионында «UNI Football League» жобасы аясындағы командалар арасында алғашқы Инклюзивті футболдан республикалық турнир өтеді.

Турнирге аутизм, Даун синдромы, ДЦП және басқа да ерекшеліктері бар 90-ға жуық бала мен жасөспірім, сондай-ақ олардың ата-аналары мен жаттықтырушылары қатысады. Қатысушылар Қазақстанның 10 қаласынан, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды және басқа да өңірлерден келеді.

«UNI Football League» жобасы 2023 жылдан бастап «Bolashak Charity» қоғамдық қоры, Қазақстан футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының серіктестігімен жүзеге асып келеді. Жоба Астана қаласы әкімдігі мен Испания Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Жобаның басты мақсаты — менталдық ерекшелігі бар балалардың спортқа тең қолжетімділігін қамтамасыз етіп, оларды қоғамға сәтті бейімдеу. Қазіргі уақытта жобаға еліміздің 9 қаласында 100-ден астам бала қатысуда. Футболдан жаттығуды инклюзия саласында тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушылар өткізеді.

Турнир 5+1 форматында өтеді. Әр матчтың ұзақтығы — 15 минут. Қатысушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, ойында жеңімпаздар анықталмайды — барлық ойыншылар бірдей медальдар мен естелік сыйлықтарға ие болады.

Іс-шара бірегей футболшыларды, олардың ата-аналарын, жаттықтырушыларды, демеушілер мен серіктестерді, БАҚ өкілдері мен блогерлерді біріктіреді. Бұл турнир Қазақстандағы инклюзивті қоғам мен спорттағы теңдікті насихаттауда маңызды оқиға болмақ.