Қосымша психолог, заңгер және медицина қызметкерінің кабинеттері бар.
2025 жылғы 25 қаңтардан бастап Абай облысы әкімі аппаратының жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы Семей қаласы, Абай көшесі, 97 мекенжайындағы жаңа әкімшілік ғимаратта жұмыс істейді.
Азаматтарды қабылдау орталығында кез келген мемлекеттік органға өтініш беру, түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алу, орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау органдарынан басқа) жергілікті атқарушы және аумақтық департаменттерінің бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазылуға болады. Азаматтарды жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Ол алдын ала Абай облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін азаматтарды қабылдау орталығының залы "Қабылдау", "Күту орны", "Нәтиже", "Өзіне-өзі қызмет көрсету", "Кеңес беру" және "Жеке қабылдау" аймақтары бойынша бөлінген.
Ақпараттық жүйе базасында бірыңғай электрондық кезек енгізілді, сонымен қатар психолог, заңгер және медицина қызметкерінің кабинеттері бар.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат: 09.00 — 18.30, түскі үзіліс: 13.00-14.30.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі