Біз айтулы орынның өткені мен қазіргі тынысы туралы әңгімелейміз

«Бір орынның тарихы: Целинный» жобасы кинотеатрдың 60 жылдығына және ғимараттың реконструкциядан кейін ашылуына арналған. Жобаның парақшасында 1962-1964 жылдардағы кинотеатр құрылысы туралы бірегей тарихи материалдар жиналған. Оның 70 және 80-жылдардағы жұмысы туралы, «Целинный» 90-жылдары қалай күн көргені, 2001 жылы қалай реконструкция жасалғаны туралы және биыл көктемге жоспарланған Заманауи мәдениет орталығы ашылғаннан кейінгі оның жаңа өмірі туралы айтылады.

«Целинный» кинотеатры 1964 жылы күзде ашылды, оның ашылуы Қазан мерекесіне орайластырылды. Оның атауы жиналған егінді рекорд көрсеткішке жеткізуге, бірақ топырақтың тозуына және экологиялық проблемаларға әкелген жоба — тың жерлерді игерудің басталғанына он жыл толу құрметіне қойылды.

Панорамалы «Целинный» Қазақстандағы ең үлкен кинотеатр еді — онда 1536 көрермен орны болды.

Кинотеатр ғимараты ешқашан архитектура ескерткіші емес, типтік жоба деп саналды, алайда бұл ташкенттік сәулетші Савелий Розенблюм әзірлеген эксперимент ғимарат деген пікір бар. Алайда сәулетші Давид Камински өткізген зерттеулер бұлай емес екенін көрсетеді.

КСРО құлағаннан кейін кинопрокат жүйесі де күйреді, репертуарға қатысты қиындықтар туындады, адамдар киноға баруды қойды.

2000 жылы оны «Отау синема» желісі сатып алып, толықтай өзгертті — үлкен зал екіге бөлінді, толыққанды екінші қабат пайда болды. Сол үшін фойедегі суретші Евгений Сидоркин салған сграффито металл конструкциялармен тескіленді.

2015 жылы кинотеатрды бизнесмен Қайрат Боранбаев сатып алып, Заманауи мәдениет орталығы ашылады деп шешті. 2018 жылы «Целинный» екі көрме үшін аз уақытқа ашылды, сосын жоспарланған уақыттан да көпке созылған жөндеу жұмыстарына жабылды: алдымен пандемия, кейін Қаңтар оқиғасы, инвесторға қатысты қылмыстық іс болды.

Қазір реконструкция аяқталып келді. Жоба авторы — британ сәулетшісі Асиф Хан.

«Осы ғимаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік пайда болуы — жолымыздың болғаны деп білемін. Ол жақсы ойластырып салынған, — деді сұхбатында Асиф Хан. — Қала кеңістігімен байланысы өте функционалды жасалған. Евгений Сидоркиннің фойедегі өрнегі және жарық фойенің кешкі мезгілде көшеден көрінуі — шынымен жақсы ойластырылған. Бұны болашақ жоба үшін «жақтау» деуге болады. Бірақ біз жаңа ұрпаққа жаңалығын енгізуге мүмкіндік беруіміз керек, бұған қалалар мен оның өткені де кіреді, осында пайда болатын суретшілерге Қазақстанның бүгінгі болмысы туралы ой толғауға мүмкіндік беруіміз керек. Оларға да ғимарат тарихы мен оның болашақ үшін ашықтығы шабыт бергенін қалаймыз. Басқаша айтқанда, реконструкцияны жасай отырып, өткен мен болашақ арасында тепе-теңдік табу. Бұл оңай сынақ емес, сонысымен де қызық».

Орталықта бұқаралық іс-шаралар өтетін болады: көркемдік және музыкалық жобалар, кинокөрсетілімдер, театр қойылымдары, басқа да эксперименттік көркем форматтар.

«Бір орынның тарихы: Целинный» жобасы «Целинныйдың» өткені мен қазіргі өміріне арналады.

Власть — это независимое медиа в Казахстане.

Поддержите журналистику, которой доверяют.

Мы верим, что справедливое общество невозможно построить без независимой журналистики и достоверной информации. Наша редакция работает над тем чтобы правда была доступна для наших читателей на фоне большой волны фейков, манипуляций и пропаганды. Поддержите Власть.

Поддержать Власть