Депутаттар өзін қолдамайтындарды ұнатпайды

Шартты түрде түрлі саяси топтың өкілі саналатын мәжіліс депутаттары бір ай бойы құқық қорғау органдарынан депутаттарға «буллинг» жасағандарды тауып, жауапқа тартуды талап етіп келеді. Заңнамаға қудалау бағытындағы түзету енгізу немесе азаматтық қоғамға бақылауды күшейту туралы ұсыныстарына сын айтқандарды депутаттар буллинг жасады қабылдайды.

Қаңтарда мәжілістегі консерваторлардың көшбасшысы , биліктегі Amanat партиясының депутаты Еділ Жаңбыршин қазақстандық құқық қорғаушыларға «Дональдтан жалынды сәлем» жолдаған еді. Ол Американың жаңа президентінің жарлықтарын тілге тиек етіп, Қазақстанда ЛГБТ қоғамдастығын қолдайтын ұйымдардың қызметін тексеруді талап етті.

Сонымен қатар, Жаңбыршин авторитарлық елдердегі ЛГБТ қауымдастығын басып-жаншу үшін қолданылатын Ресей ойлап тапқан «ЛГБТ насихатына» тыйым салатын заңды қабылдауға қайта оралуды үкіметтен талап етті.

Одан кейін осыған ұқсас өтінішті депутат әрі Қазақстан халық партиясының жетекшісі Магеррам Магеррамов жолдады. Бір аптадан кейін дәл осы партияның депутаты Ирина Смирнова «шетел агенттері» туралы заң қабылдауға шақырды. Ал осы сәрсенбіде тағы да Жаңбыршин жануарларды қорғаушыларды, яғни депутаттың қараусыз жануарларға эвтаназия қолдану туралы бастамасына қарсы тұрып жүргендерді тексеруді талап етті.

Сөз алған мәжілісмендердің бәрі бастамасын АҚШ-тың жаңа әкімшілігі қарсы болып отырған USAID төңірегіндегі жағдаймен негіздеді. Олар осы ұйымнан қаржы алатын жобалар арқылы Батыс «Қазақстанның егемендігіне нұқсан келтіріп, өз идеологиясын таңып жатыр» деп санайды.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстанның билікті сынаушыларды қудалайтынын бұрыннан айтып келеді. Алайда қазір «халық мүддесі» және үкімет пен президент әкімшілігі белсенді жүргізіп отырған «заң мен тәртіп» саясатын желеу етіп, депутаттар биліктен толық цензураны енгізуді және адам құқығының бұзылуын заңдастыруды ашық талап етіп отыр.

Билік тіпті сатира дегенді «деструктив әрекет» деп түсіне бастады, бұған Темірлан Еңсебектің жағдайы дәлел. Ал өткен айда мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «жағымсыз пікір» үшін де жауапкершілікке тартуға болатынын ескертті. Тіпті ол үшін интернет платформаларды да бұғаттамақ.

Сәрсенбі күні Жаңбыршин де, Магеррамов та «әлеуметтік желілерде және ақпарат құралдарында парламент депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлерге жала жабу мен қорлауды ұйымдастырушыларды» анықтауды талап етті.

Бұл талаптар – өз пікірінен басқа кез келген пікірді қабылдамаудың бір бөлігі. Кейінгі кездегі барлық ұсыныс осы сипатта. «Егемендік үшін күрес» деген желеумен депутаттар да, оларды қолдайтындар да сын айтатындардың аузын жапқысы келеді. Мұның соңы жақсылыққа апармайды, бұл Қазақстанның ақпарат кеңістігін «айдалаға» апарып тастайды. Ал ол жақта депутаттарға ешкім «буллинг жасамайды».

Читайте этот материал на русском.

Read this article in English.

Власть — это независимое медиа в Казахстане.

Поддержите журналистику, которой доверяют.

Мы верим, что справедливое общество невозможно построить без независимой журналистики и достоверной информации. Наша редакция работает над тем чтобы правда была доступна для наших читателей на фоне большой волны фейков, манипуляций и пропаганды. Поддержите Власть.

Поддержать Власть