Театр және кино актёрі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Аралбай 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы театрдың баспасөз қызметі естіртті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақ өнері мен мәдениеті ауыр қазаға ұшырады. 72 жасқа қараған шағында театр және кино актёрі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай дүние салды», — деп жазды театр баспасөз қызметінің өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мұхтар Әуезов театры