Қазақстанда соңғы апталарда болған бейбіт шерулер мен бұзақылық әрекеттер халық назарында. Осындай эмоцияға толы уақытта сан түрлі оқиға болып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тараған жантебірентер видеолар топтамасын жасады.

Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар шеруде әнұран айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Ал мына видеода Маңғыстау облысында сұйытылған газ құны литріне 50 теңгеге төмендегенін естіген халық шуылдасып, қол соғып қуанғаны түсірілген.

Осы ереуілдер кезінде әскери мен баланың қол алысып амандасып тұрғаны түсірілген кадр да Желі қолданушыларын сүйсіндірген еді.

Ұлттық ұланда 10 жыл қызмет етеді. Желіде тараған суреттегі жауынгер кім?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Кейін осы суретке иллюстрация салынды.

Сурет: instagram.com/gulmir_ktk парақшасынан

Бейбіт шеру тәртіпсіздікке ұласқан Алматыда қарулы бүлікшілер әскерилерге шабуыл жасағаны бүгінде белгілі. Осы кезде қала тұрғындары әскерилерге қалада тәртіп орнатуға, оларды бүлікшілер құрсауынан алып шығуға білек сыбана көмектесті. Соның ішінде шабуылға тап болған әскериге халықпен араласып кетуі үшін күртесін шешіп беруге дайын тұрған мына қыздың батырлығына халық тамсанған болатын. Видеоны стилист Мира Берген 5 қаңтарда түсірген.

@pipanzakharov ♬ Так хочется жить — Рождество

Қазнетте Алматыдағы қақтығыстар кезінде «Өлеміз бүгін, мама-папа я вас люблю» деген жас сарбаздың видеосы да тарап кетті.

«Өте қорқынышты болды жасырмаймын. Командирлеріміздің шебер әрекеттерінің арқасында аман қалдық. Бөлім басшыларына және біз үшін алаңдаған барлық қазақстандыққа алғыс айтамын. Бәрі жақсы. Елімізге бейбітшілік тілеймін, халық бақытты өмір сүргенін қалаймын. Тәртіпсіздіктер аяқталғаннан кейін алдымен анама қоңырау шалып, оны сабырға шақырдым», — деді сарбаз.

@jasik_kanatov ♬ оригинальный звук — nursat_satjan

TikTok-та тараған тағы бір видеода өртеніп жатқан Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының маңында қария көз жасына ерік береді. Бұл кадрларға қарап пікір білдірушілер бір жылап алғанын, жүрегі ауырғанын жасырмады.

@mkudaibergenkyzy.m #Елімізтынышболсын