Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратты 2024 жылдың 23 шілдесінде Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады", — деп жазылған хабарламада.
2022 жылы Тоқаевтың демалысы тамыз айында болған. Ал 2021 жылы Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында төрт күн демалды.
Сурет: akorda.kz