Бүгін Рүстем Баязиевке қатысты сотқа құрметсіздік танытқаны үшін әкімшілік хаттама жасалып, сот шешімі шығарылғаны белгілі болды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақ Жайық-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, 11 қаңтарда блогер басқа адамға қатысты сот отырысына қолдау ретінде келген. Сол жерде ол судьяға: «Ал маймыл қайда, көрмедіңіз бе?» — деп сұраған
Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Анар АЙТЖАНОВА бұл сұрақты қорлау деп тауып, Баязиевтің үстінен «сотқа құрметсіздік танытқаны үшін» жоғары тұрған басшыларға арыз берді. Осының негізінде 12 қаңтарда сот орындаушысы Баязиевке қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасады («Сотты құрметтемеу»).
Блогер мұнымен келіспейді. Ол өз сөзінде судьяға жай ғана сұрақ қойғанын әрі сот отырысы басталмай тұрып қойылған айтады..
- Менің ойымша, сотты құрметтемеушілік деп оқиға сот процесі кезінде болса ғана санауға болады. Сот отырысы ол кезде әлі басталған жоқ. Менің маймыл туралы сұрағым сот отырысы басталмай тұрып қойылған, оны растайтын куәгерлерім бар.
- Неге олай сұрадың?
– Бұл сөзге қатысты өз оқиғам бар. Бұрын сіздің әріптесіңіз мені «маймыл» деп атаған, бірақ сот оның пайдасына шешкен. Сондықтан сот ғимаратындағы маймылға қатысты сұрақ менің сот жүйесіне деген наразылығым болды», — дейді Баязиев.
Судья А.Айтжанованың өтініші бойынша сот отырысы бүгін онлайн режимде басталды. Баязиев істі өзінің тұрғылықты жері бойынша, яғни Астана қаласында қарауды сұрады. Сот бұл талапты қанағаттандырудан бас тартты.
Қазіргі уақытта сот Баязиевті бес тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарғаны белгілі. Блогер бұл шешіммен келіспейді және шағымданбақшы.