Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова олигарх Болат Өтемұратовтың кіші ұлы Әнуарға тұрмысқа шықпақ.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Адырна”-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасова — 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы және Азия чемпионы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер. Жасы — 26-да.

Ал Әнуар Өтемұратов — VOX POPULI жобасының иесі, Қазақстандағы Burger King мейрамханаларының жұмысына жетекшілік етті, Alassio Capital ФПИ Директорлар кеңесінің басшысы. Жасы — 40-та.

Еске салайық, осы жылдың көктемінде тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Нұрахмет Әлиевке тұрмысқа шыққан еді.

Халықаралық гроссмейстер және Алматы мәслихатының депутаты Жансая Әбдімәлік қазіргі Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовқа тұрмысқа шықты.

Оның «ForteBank» АҚ-да 89,32%, «КаР-Тел» ЖШС-де және «Sky Mobile» ЖШҚ-да (тиісінше Қазақстан мен Қырғызстандағы «Билайн» байланыс операторлары), алтын өндіретін RG Gold, Астана, Вена және Мәскеудегі Ritz-Carlton қонақ үйлерінде, Ақмола облысындағы Rixos Borovoe-да үлестері бар, және де Қазақстандағы Burger King франшизасымен иелік етеді.