Ic-шараның мақсаты – террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін, құқық қорғау және арнайы органдарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

Осыған байланысты қала тұрғындарын жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына байланысты көлік пен халық қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтау және тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұрайды, — деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабында.