Ақтөбе — еліміздің батыс өңіріндегі ірі қала. Алайда қалада қордаланған мәселелер көп. Субұрқақтар істемейді, арықтар тазартылмайды. Және ең өзекті мәселе — тұрмыстық қалдық. Тұрғындар қоқыстың апталап алынбайтынына наразы. Massaget.kz тілшісі қаланың кейбір көріністерінен фоторепортаж жасады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласызда.
Соңғы жылдары қалада тұрмыстық қалдықтар шығару мәселесі бір шешімін таппай келеді. Тұрғындар қысы-жазы қоқыстың уақытында алынбайтынына наразы. Мәселен, Байғанин, Кереев, Ломоносов, Алтынсарин көшелерінің бойындағы контейнерлер қалдыққа лық толып, сыртына дейін шашылып жатыр. Бұл қысы жазы, күнде болатын көрініс.
Байғанин көшесінде әр талдың түбінде қалдық толған қапшықтар тау болып үйіліп тұр. Қаланың жаңадан салынып жатқан Батыс-2 ауданындағы кейбір үйлердің де аумақтарынан қоқысқа көмілген контейнерлерді көресің.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласызда.