Ең алдымен, коллекторлар кредит бойынша берешегі бар қарызгерлерге ғана қоңырау шалатындығын есте сақтаған жөн.

Бұл ретте берешекті өндіріп алумен айналысатын коллекторларда келісімнің екі түрі бар. Коллектор банктің немесе МҚҰ-ның мүддесін қорғаған кезде қызметтерді көрсету жөніндегі шарты, ал агенттік қарызды сатып алған жағдайда, басқаға беру шарты жасалынады.

«Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасында» (ҚКҰП) бірінші жағдайда коллекторлар берешек сұрағы бойынша келіссөздерді өзі жүргізіп, кредиторлардың бастамасы бойынша қарызгерден қарызды өтеуді талап ететіндігі туралы айтады.

Екінші жағдайда банк қарыз бойынша талап ету құқықтарын коллекторларға сатқан кезде, коллектор қарыз алушымен жаңа кредитор ретінде өзара әрекеттеседі және қарызды өз пайдасына өтеуді талап етеді.

«Кредитор қарызды коллекторларға тапсырған немесе коллекторлық агенттік мерзімі өткен берешекті сатып алып, ол бойынша кредиторға айналған кезде коллекторда телефон арқылы қоңырау шалу, жеке кездесулер, қарызгерге дыбыстық, жазбаша және өзге хабарламаларды жіберу секілді құқықтарға ие болады» — деді өз сөзінде «Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» (ҚКҰП) одақ түріндегі ЗТО төрағасының м.а. Назгуль Естеусизова.

«Талап ету құқықтарын басқаға берген жағдайда, банк немесе МҚҰ қарызгерге шарттың сатылғандығы және сол сәттен бастап кредитор коллекторлық агенттік болатындығы туралы хабарлайды. Қарызгер берешекті өндіріп алумен айналысатын коллекторлық агенттіктің уәкілеттілігін растауды сұрауға құқылы» — деп түсіндірді Естеусизова ханым.

ҚКҰП басшысы кредитор ретінде коллектордың немесе банктің болуында ешқандай ерекшелік жоқ екендігіне назар аударды. Кез келген тараптың негізгі мақсаты – сотқа дейінгі тәртіпте берешекті реттеу.

Ең үздік шешім – төлем мерзімін кешіктірмеу және осылайша кредиттік ұйымдармен проблемалардың болуының алдын алу.

«Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасының» базасында «Stop-Collector.kz» қарызгерлерге қолдау көрсету қызметі жұмыс істейді. Аталған қызмет коллекторлық агенттіктермен байланысты даулы сұрақтарды шешуге немесе заңсыз әрекеттерге шағым келтіруге көмектеседі. Толығырақ ақпарат https://stop-collector.kz/ сайтында келтірілген.

КОЛЛЕКТОРМЕН КЕЛІСЕ АЛМАДЫҢЫЗ БА?

КАМЕРАҢЫЗДЫ QR-ҒА БАҒЫТТАП,

САЙТҚА ӨТІҢІЗ

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТІМІЗ ТЕГІН