Түсіндіру жұмысы барысында Департамент қызметкерлері сауда саласының жұмысшылары мен сауда нысан иелерін Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің тиісті баптарымен таныстырды. Кездесулер сұрақ-жауап форматында өтті. Нәтижесінде, сауда үстемесінің мөлшері туралы қазақ және орыс тілдеріндегі жадынамалар 100-ге жуық дүкендерге таратылды.