Сондықтан кәсіп құрудың маңызды кезеңдерінің бірі – банк таңдау. Бүгінде банк ақша сақтайтын ғана орын емес, бизнес үшін ыңғайлы сервистердің бірі. Әсіресе, сауда туралы сөз қозғайтын болсақ.
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің сұранысы артып келеді және бұған төлем құралдарының дамуы ықпал етіп отыр. Қазіргі таңда әмиян немесе төлем картасын өзіңізбен алып жүрудің қажеті жоқ. Тек смартфоныңыз болса жеткілікті, кез келген қызмет пен тауарды бір орында терминал немесе QR-код арқылы төлеуге болады. Бұл ретте, Jusan Bank-тің хабарлауынша, бизнес те смартфонды ғана пайдалана алады.
«QR-код бойынша төлемді POS-терминалдар және Jusan Tole мобильді қосымшасы арқылы іске асыруға болады. Терминалды орнату үшін заңды тұлғаларға арналған Jusаn Business мобильді қосымшасы арқылы өтінім беру жеткілікті, құрылғы бір күн ішінде әкелініп, қалаған жеріңізге орнатылады. Бүгінде аймақта 1189 жаңа POS-терминал орнатылған. Сондай-ақ төлемдерді смартфонда да қабылдауға болады. Ол үшін Jusan Tole қосымшасын жүктеп алу жеткілікті. Екі жағдайда да қаражатыңыз бірден түседі», — деді Jusan Bank-тің Қарағандылағы өңірлік директоры Қайрат Әлімқұлов.
Осы жылдың шілде айында облыста Jusan Tole портфелі 2248 компанияны құрады, бұл заңды тұлғалар арасында аталмыш өнімге қызығушылықтың айтарлықтай өскенін көрсетеді. Jusan Tole клиенттерге картамен төлеу, бөліп төлеу немесе QR көмегімен несие алу сияқты бірнеше нұсқа ұсына отырып, сатылымның өсуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар, Jusan Tole және POS-терминалдарға қосылған тауарлар мен қызметтер Jusan банкінің виртуалды дүкеніне түседі. Бизнес үшін бұл тағы бір сауда алаңы, ал қазақстандықтар үшін – кезекті тиімді сауда жасау мүмкіндігі.
«Бүгінде Қарағандыдағы 5989 заңды тұлға Jusan Business қосымшасына тіркелген. Барынша автоматтандырылған жүйе мен ыңғайлы функционалдың арқасында өңірде пайдаланушылар саны үнемі артып келеді. Ал біз өз кезегімізде жүйемізді және қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін күн сайын жұмыс істейміз», — дейді Қайрат Әлімқұлов.