Жамбыл облысы Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Сегизбаев Нурболат Ильясовичтің пікірі Сегизбаев Нурболат Ильясович, 22.01.1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген, қазақ, арнайы-орта білімді, 1984 жылы Шымкент арнайы орта мектібін «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған. Сегизбаев Нурболат Ильясович еңбек жолын 08.02.1982 жылы Жамбыл облыстық атқару комитетінің Ішкі Істер органында қызметін бастады. Әділет органында 2008 жылдан бастап Жамбыл облысының соттар әкімшісінің жетекші маман – сот жасауылы болып қызмет бастады. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келеді. Сегизбаев Нурболат Ильясович мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі 35 жылды құрайды. Әділет органдарын қалауым, Әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын атқарушы билік органдары болып табылады. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министірінің грамотасы, 2016 жылы Республикасы Әділет Министірлігінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойлық медалімен марапатталған.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жапарбекова Гүлшат Жеңісқызы пікірі Жапарбекова Гүлшат Жеңісқызы 1972 жылы қаңтар айының 21 жұлдызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1987-1990 жылдары Жамбыл санақ және статистика техникумында оқыған. 1990 жылы Өздігінен қамтамасыз ету құрылыс алаңында кассир жұмыс атқарған. 2011 жылы 1 сәуірден Жамбыл облысы Сот актілерін орындау департаментіне есепші болып жұмысқа орналасып, 2014 жылы Жамбыл облысы Әділет департаментіне Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2021 жылдың 1 қарашасынан Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқаруда. Жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің, Жамбыл облысы Әділет департаментінің грамоталарымен марапатталды. 2019 жылы «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен наградталды. Әділет органдарын қалауы, әділет органдары азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Жамбыл облысы әділет департаментінің құқық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Кожамжаров Манас Мухтарович пікірі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығына сәйкес 30 қыркүйек Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мейрамы ретінде белгіленген. Алайда, Қазақстан Республикасы аумағында әділет органдарының қалыптасу тарихы сонау Посткеңестік аумағында қазан төңкерілісі болған уақыт 1917 жылдың қазан айынан бастау алады. Бұл уақытта құрылған заң халық комиссариатына сот, прокурорлық, тергеу, нотариатты органдарды басқару тапсырылды. Құрылған күннен бастап бір ғасырға жуық уақыт ішінде отандық әділет репрессиялық езгі, азаматтық және Ұлы Отан соғыс отына күйіп, халық шаруашылығының қалпына келу және күйзеліс жылдарына, тоқырау кезеңіне, қайта құрудың зардаптарына төзіп, қалыптасу барысында күрделі азапты жолды бастан өткерді. Бұл жылдар қажырлы еңбекке толы жылдар болды және әділет органдарының жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін талмай іздестірумен өтті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі Әділет министрлігінің жаңа парақтарын ашты. Тарихи өзгерістер егеменді республиканың маңызды заң актілерінің тууына себеп болды. Міне, 30 жылға жуық уақыт бойы республикалық әділет органдары ұлттық заңнаманы қалыптастыруда зор үлесін қосуда. Қазақ халқының көптеген ұл-қыздары жүрек қалауымен кәсіби заңгер болды және өздерінің өмірлерін әділеттің ақ жолына арнады. Әділеттің ақ жолына қызмет етуге келген жастардың бірі болып 2015 жылдың 13 мамырынан бастап Жуалы аудандық аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің сот орындаушысы болып мемлекеттік қызметке келдім. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы әділет департаментінің құқық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келемін. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және еліміздің құқықтық мемлекет болып қалыптасуына аз ғана болса да үлес қосып жүргенімді мақтан тұтамын...
Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Қуатбеков Ғалымжан Қанатұлы пікірі Заңгерлік ежелден бері ең беделді, дегенмен күрделілігі мен жауаптылығы аса жоғары мамандық болып саналады.. Өз тарихында әділет органдары әрқашан азаматтардың заңды мүдделері мен бостандықтарын, конституциялық құқықтарын жүзеге асыру және қорғау, әділдік принциптерін бекіту, заңнаманы жетілдіру, мемлекеттілікті нығайту және дамытуға белсенді түрде ықпал етіп келеді. 2015 жылдың 8 сәуірінен бастап Жамбыл облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келемін. Әділет органдарының басым міндеттерінің бірі — зияткерлік меншік құқықтары саласындағы мемлекет саясатты іске асыру, халық арасында қоғамдағы контрафактілік өнімдерге және зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы қатынасын қалыптастыру, бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Бүгінгі таңда зияткерлік меншік объектілерін қорғау мәселесі өте маңызды және кешенді міндет болып табылады.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Арыстамбекова Жанна Ташметовна Аталған бөлім сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастырады (жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады, жеке және заңды тұлғалардың арыздарына жауап беруді қамтамасыз етеді, арызды қарау барысында бұзушылықтар анықталған жағдайда сот орындаушыларға ұсыныс енгізеді, түрлі сот орындаушыларға қатысты қорытындылар мен статистикалық есептер жүргізеді). Жамбыл облысы Әділет департаментіне 2014 жылдың қараша айында Бақылау және құжат айналымын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып, Сот актілерін орындау Департаментінен ауысқанмын. Жалпы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық аумақтық бөлімдерінде барлығы жұмыс өтілім 20 жылды құрайды. Заңгерлік мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілім 25 жыл. Әділет органдарында жеткен жетістіктерім: 22.11.2013 жылы «III дәрежелі Заңгер» төсбелгісі; 01.02.2016 жылы Әділет органдарының дамуына қосқан үлесі үшін «Медаль» ведомстволық марапат; 20.12.2016 жылы Әділет органдарының дамуына қосқан үлесі үшін Департамент басшысының «грамотасы». 01.01.2019 жылы Жамбыл облысы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агентігінің құрмет грамотасы. Заңгер болу, заңгер болып қызмет атқару бала кезімнен арманым болған. Өйткені қарапайым адамдардың құқықтық сауаттылығы мен үшін өте маңызды болды. Сондықтан халыққа заңгерлік көмек көрсету, мемлекеттік қызмет ұсыну, т.б мемлекеттік қызмет имиджин көтеру және оны жоғары деңгейде ұстау менің басты ұстанымым болып табылады.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Тараз қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы» Нурханова Алма Журсиновнаның пікірі Нурханова Алма Журсиновна, 14.07.1971 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген, қазақ, жоғары білімді, 1990 жылы Талдықорған заң техникумын және 1998 жылы Талдықорған сыртқы заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Нурханова Алма Журсиновна еңбек жолын 10.01.1991 жылы Жамбыл химия-механикалық техникумнын хатшы-машинист қызметінен бастаған. 01.06.1991 жылы Жамбыл аудандық халық сотының сот мәжілісінің хатшысы болған. Әділет органында 2001 жылдан Жамбыл облысының соттар әкімшісінің Тараз қалалық аумақтық учаскесінің сот орындаушысы болып қызмет бастады. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Тараз қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің» сот орындаушысы қызметін атқарып келеді. Нурханова Алма Журсиновна мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі 31 жылды құрайды. Әділет органдарын қалауым, Әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын атқарушы билік органдары болып табылады. 2014 жылы Әділет Министрінің грамотасы, 2016 жылы Әділет Министірлігінің Қазақстан Республикасының медалімен марапатталған. 2016 жылы Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасы, 2020 жылы ЖО Әділет департаменті басшысының құрмет грамотасы, 2021 жылы 8 наурыз әйелдер күніне орай Әділет департаменті басшысының грамоталарымен марапатталған.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Әлия Темірханқызы Әбдіасұлова Мен, Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Әлия Темірханқызы Әбдіасұлова, мемлекеттік қызметте 19 жылдан астам жұмыс істеймін. Әділет органдарының қызметі мені жан-жақты болуымен қызықтырды, өйткені әділет органдары атқарушы биліктің негізгі органдарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілер үшін өзін-өзі тану және мансаптық өсу үшін барлық жағдай жасалған. Әділет органдарын дамытуға қосқан үлесі үшін Әділет министрінің бірнеше көтермелеу бар (ІІІ дәрежелі Заңгер» төсбелгісі, ҚР ӘМ «Әділет органдарын дамытуға енгізгені үшін» медалі). Біздің салада еңбек жолын енді ғана бастаған жастарға — білімді жетілдіруге талпынуға кеңес беремін, өйткені әділет органдарының қызметкерлері өз елінің нағыз патриоты болуға тиіс. Әріптестіріме осы айтулы күні, жауапты еңбекте табыс, алға қойылған міндеттерді орындау үшін мықты денсалық тілеймін!