«Жұлдыз» радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында Мұхтар Ханзада қонақта болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық танымал өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл жолы танымал әнші Мұхтар Ханзада бір сағат бойы жанды дауыста әндерін айтып, сұхбат берді. Сұхбат барысында жеке өмірі, ата-анасының өнеріне көзқарасы туралы айтты.
«Әлі күнге дейін әкем негізі өнеріме кішкене қарсы. «Басқа кәсіппен айналыс» дейді. Бизнеске қарай, сондай жұмыстарды істегенімді жақсы көреді. Енді қазір қарсылығы жоқ. «Музыка деген әлемді жүрекке беріп қойма» дейді. «Қазір өнерімді қоямын» десем, «жарайды» деп көне салады, «неге» деп сұрамайды. Анам «жақсы көретін дүниеңмен айналыса бер» дейді. Әпкелеріміздің, анамыздың өтініші бойынша әкемізге дұрыстап түсіндіріп айтып, қазір кішкене көніп жүр», — деді әнші.
Ол ел ішінде тараған жеке өміріне қатысты қауесетке жауап берді.
«Үйленсек, жасырмай айтамыз», — деді ол.
Әнші Мөлдір Әуелбековамен қарым-қатынасы туралы да айта кетті.
«Хабарласып тұрамыз. Ешқандай мәселе жоқ. Алдында дуэт жазамын деп әндер дайындап жүрген едім, дайын болса, дуэт те шығып қалуы мүмкін», — деді әнші.
Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында Melomen тобы қонақта болған еді.
Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді.
Радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm парақшасынан көре аласыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!