2022 жылдың көктем-жаз маусымы түрлі түстер мен жарқын образдарға қанық болғалы тұр. Бүгінде әлемдік брендтердің сән көрсетілімдеріне қарап отырып, былтырғы трендттер жалғасын табатынын байқай аламыз. Қазақстандық стилист Мира Берген Tengrinews.kz тілшісіне биыл қандай түстер, киімдер мен образдағы қосалқы элементтер сәнде болатынын әңгімеледі.
Биылғы трендтердің бірі — пайетка, жарқырап жүргенді жақсы көретін қыз-келіншектер енді күн сайын пайеткасы бар киімдерді кие алады. Қарапайым күнделікті киімді пайеткасы бар принттермен немесе тұтас бір киім түрімен үйлестіруге болады. Мысалы, жылтырақ белдемше немесе шалбармен спорттық свитшотты күндіз де киюге мүмкіндік туды.
Суреттер: Pinterest
Pantone институтының нұсқасы бойынша, 2022 жылдың түсі — күлгін түстің Very Peri реңкі. «Қазір осы түстегі киімдер дүкен сөрелерінде толы, бірден мамыргүл еске түсіп, көктемді жақындатады», — дейді Мира Берген.
Суреттер: Pinterest
Стильшінің сөзінше, осы маусымда бәріміз түстерді үйлестіруден қорықпауымыз керек. Себебі дизайнерлер қазір ең батыл комбинацияларды, жасыл мен қызғылт сары, күлгін мен сары, көк пен маржан түсті бірге қолдануға кеңес береді. «Қара және сұрға бұл жерде орын жоқ секілді» дейді ол.
Суреттер: Pinterest
Сәнқойлардың шкафында бомберлер ерекше орын алады.
«Лайфхак: сіз бомберді жақсы көрсеңіз, оны қазір, барлық бренд топтамаларында бар кезде сатып алуға кеңес беремін. Ұзақ уақыт киесіз, олар сәннен әлі кетпейді», — дейді Мира Берген.
Суреттер: Pinterest
Шашақтар кез келген базалық киімді өнер туындысына айналдыра алады! Сүйікті жейдеңізге шашақ тігу арқылы экзотика қосып, трендте бола аласыз.
Суреттер: Pinterest
Осы маусымдағы киімде ойықтар ең күтпеген жерлерде жасалады, ол дененің ең әдемі бөліктерін айрықша көрсетеді. Мира Берген сексуалдық градусын төмендету үшін оны кардиган, жакет немесе сырт киіммен толықтыруға болатынын айтты.
Суреттер: Pinterest
Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!