TikTok-та үшемнің анасы алматылық Айым Сағатбектің видеолары 100 мыңнан аса қаралым жинап, желі қолданушыларын тәнті етті. «Жұғысты болсын» десіп жатқандар да бар. 24 жасында үш қыз дүниеге әкелген келіншек Tengrinews.kz тілшісіне жүктілігі туралы және қыздарына қалай қарайтынын айтып берді.

Айымның сөзінше, жолдасы жағынан егіз көп. Ал өзінің туыстары арасында егіз, үшем жоқ екен.

«Басында 1 ұл, 2 қыз болатын шығар дедім. Бірақ УДЗ-ға барғанда екеуі қыз, үшіншісі көрінбей тұр деді. Содан бірден үшеуі де қыз деп ойладым», — дейді ол.

@sagatbek.aiymm

##маматройняшек ##tripletsgirls ##роды ##рек

♬ оригинальный звук — CANARY НАРЫКОВА АНЯ

Келіншек жүктілік басында өте жеңіл өткенін айтты. Алайда кейін перзентханада балаларымен 47 күн жатқан екен.

@sagatbek.aiymm

##tripletsgirls ##тройняшки ##рек

♬ оригинальный звук —