Алматылықтар қатты жер сілкінісін сағат 11:22-де сезінді.
Жерасты дүмпулерінің күші 5,4 балл.
4 наурыз күні сағат 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі болды. ҚР ТЖМ Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісі Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқандығын айтты.
Өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілді, полиция басқармасының жедел кезекшісіне қаланың ғимараттары мен құрылыстарының қирауы мен зақымдалуын визуалды тексеру туралы ақпарат жинау үшін хабар берілді, мониторинг жүргізілуде.
Сурет: Zakon.kz