Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.
Медеу ауданының әкімінің сөзінше, қазір тазарту, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Апат болған жерлердің бәрін тазартып жатырмыз. 1-2 сағатта апатқа ұшыраған үйді толығымен тазалаймыз. Соған қатысты жұмыстар атқарылатын болады. Кешке дейін комиссия жұмысын атқарады. Қандай қауіп бар, қосымша жерлерді анықтап, тиесілі шешімдерді кешке дейін бәрін сіздерге жеткіземіз", — дейді ол.
Сонымен қатар, аудан әкімі оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылғанын жеткізді.
"Шынымен де, ондай ақпарат бар. Екі бала аудандық 8-мектепте оқыған болатын. 16 жастағы балалар. Мектеп директоры осында. Бүгін мектепке келмеді. Анасымен, өгей әкесімен. Қазір бір адам табылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғастырып жатыр", — деді әкім.
Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.
Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Сурет: Tengrinews.kz