Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК «59 мекемесінде» жазасын өтеп отырған сотталған азаматтарға дін саласындағы заң бұзушылықтардың салдарын түсіндіру және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында Дін істері басқармасының оң қорытындысын алған «Жалған жиһад және Тұтқындағы әмір» атты діни көркемфильм көрсетіліп, оның мән — мағынасы түсіндірілді. Түзеу мекемелеріне келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрген дін өкілдерінің айтуынша түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардың адасып, жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін діни көркем фильмдердің ықпалы зор.