Алматы қаласы Полиция департаментінің Түрксіб аудандық ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы Серік Шумушпаев Polisia.kz тілшісіне берген сұхбатында қаңтарда орын алған оқиғаның мән-жайын баяндап берді.
Серік Шумушпаев сол күндері қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметте болған.
Полицейдің айтуынша, әкімдіктің алдындағы алаңға жиналғандар оларға тас лақтырып, күш көрсеткен. Автокөліктерді өртеген топ тәртіп сақшыларын өз қатарларына қосылуға шақырған. Қыспаққа алып, соққының астына алған.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде учаскелік полиция инспекторына хабарласқан тұрғындар аз болмаған.
«Бейбіт күнге не жетсін», — деді қаралы қаңтарды еске алған инспектор.
«Аяғым терісіне ілініп тұр екен»: полицей қаңтар оқиғасында қалай соққы жегенін әңгімеледі