Президент «Әке туралы ой-толғау» кітабының желісі бойынша продюсерлік орталықтың фильм түсіруіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл — менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым», — деді Президент Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Президенттің әкесі Кемел Тоқаев туралы фильмнің сценариінің суреті тараған болатын. Суретте Nar Media Group жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрсетілген.